ГЛОССАРИЙ_Қазақ педагогикасы
«Қазақ педагогикасы» оқу пәні бойынша глосарий жалпы педагогика, педагогика тарихы мен әдіснамасы, этнопсихология, этнопедагогика және қазақ педагогикасының негізгі ұғымдары бойынша құрастырылды. Оның мазмұны «Қазақ педагогикасы» оқу пәні бойынша білім алушылар мен педагог-мамандардың теориялық білімдерін тереңдетуге, олардың кәсіби іс-әрекетіне деген танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, өздігінен білім алу іскерліктерін шыңдап, зерттеу бейімділіктерін жетілдіруге бағытталған.
Тәрбие жұмысының технологиясы
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің артуына байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Сондықтан бұл оқу құралында тәрбиенің теориялық-әдіснамалық негіздері қарастырылып. Оның тарихының қоғамдық құбылыс ретіндегі мәні ашып көрсетіледі. Сонымен бірге заманауи көзқарас тұрғысынан тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік-технологиялық мазмұны сипатталады.
Құрал өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісімен айналысатын қауымға арналған.
Инновациялық педагогикалық технологиялар
Бұл оқу құралында инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіру мәселелері қарастырылады. Автор жоғары мектепте еңбек еткен бірнеше жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, бастауыш сынып мұғалімдерін бүгінгі заман сұранысына сай даярлау бағытында ғылыми негізделген ой тұжырымдарын баяндайды.
Кітап мектеп мұғалімдеріне, жоғары және арнайы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, барша ізденуші қауымға арналған.
Ағылшынша-қазақша педагогикалық сөздік
Сөздікке педагогика ғылымы мен білім беру саласында жиі қолданылатын терминдер енгізіліп, олардың түсіндірмелері берілген. Бұл білім берумен айналысатын мамандардың ағылшын тілінен сөздік қорын байытуды және британдық білім беру жүйесінде қолданылатын терминдердің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейтуді көздейді.
Сөздік жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттарға, докторанттар мен білім беру саласының мамандарына арналған.
Педагогика негіздері
Бұл оқу-әдістемелік құралда педагогика ғылымының негізгі мәселелері қарастырылады және оны оқытуды ұйымдастырудың жолдары көрсетіледі.
Құрал оқытушыларға, студенттерге және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісімен айналысатын қауымға арналған.
Қазіргі педагогика ғылымының қайнар көздері
Монографияда қазіргі педагогика ғылымының қайнар көздері орта ғасырдың ұлы ойшылдары әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің педагогикалық теориялары болып табылатындығы ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан негізделеді және ғұламалар еңбектерінің қазіргі әлемдік педагогикамен сабақтастығы ашып көрсетіледі.
Еңбек қоғамдық және гуманитарлық ғылым өкілдеріне, педагогика тарихын зерттеушілерге, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге, сондай-ақ жаопы оқырманға арналған.
Б.Әбдікәрімұлының мақалалар жинағы
Бұл жинаққа Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беру ісінің құрметті қызметкері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Болат Әбдікәрімұлының (1939-2014) мақалалары енген. Жинақ педагогика ғылымына қызығушылық танытқан оқытушыларға, студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, оқу дәрісіне дайындалушыларға, курстық, дипломдық және басқа ғылыми жұмыстар жазуға, сонымен қатар әр түрлі саладағы оқырмандар қауымына арналған.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыру
Бұл оқу құралында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми теориялық негіздері қарастырылады және оны тәжірибеде іске асырудың жолдары ұсынылады.
Құрал мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, студенттерге және білім беру саласының мамандарына арналған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын-рефераттарды, курстық және дипломдық жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды жазу барысында пайдалануға ұсынылады.
Алғашқы әскери даярлық сабақтарында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі
Бұл әдістемелік нұсқауларда жоғары сынып оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің әдістемелік негіздері қарастырылады және оны тәжірибеде іске асырудың жолдары ұсынылады.
Құрал алғашқы әскери даярлық пәнінің оқытушыларына арналған. Сонымен бірге патриоттық тәрбие беру мәселесі бойынша көмекші құрал бола алады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазу барысында пайдалануға ұсынылады.
Туған өлкем-Қарағанды
Бұл оқу құралында туған өлкеге сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатымен Қарағанды қаласының тарихы, мәдениеті, ғылымы мен өнері туралы мағлұматтар беріледі. Сонымен қатар аталмыш өңірдің батырлары мен белді тұлғалары жайлы баяндалады.
Құрал мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, студенттерге және барша оқырман қауымға арналған.
Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және технологиясы
«Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және технологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын осы пәнді оқып-үйрену бағдарламасы, семинар сабақтарының жоспары мен әдістемілік нұсқаулар және СӨЖ ұйымдастыру түрлері құрайды. Пәнді оқып-үйрену бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және технологиясы бойынша болашақ мамандардың теориялық білімдерін тереңдетуге, олардың кәсіби іс-әрекетіне деген танымдық ізденімпаздығы мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, өздігінен білім алу іскерліктерін шыңдап, зерттеу бейімділіктерін жетілдіруге бағытталған.
әл-Фараби педагогикасы
Оқу құралында әл-Фарабидің педагогикалық мұрасына қатысты материалдар бірнеше тақырыптарға бөлініп қарастырылады. Сонымен қатар әрбір тақырыптың соңында бақылау сұрақтары, тапсырмалар және қолдануға ұсынылатын әдебиеттер беріледі. Өзін-өзі тексеруге тест сұрақтары, өз бетімен білімді жетілдіруге және ғылыми шығармашылықты дамытуға бағытталған реферат тақырыптары мен шығармашылық тапсырмалар ұсынылады.
Оқу құралы жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттарға, сондай-ақ жалпы педагогика ғылымы саласының мамандарына арналған.
Ж.Баласағұни педагогикасы
Оқу құралында Ж.Баласағұнидің педагогикалық мұрасына қатысты материалдар бірнеше тақырыптарға бөлініп қарастырылады. Сонымен қатар әрбір тақырыптың соңында бақылау сұрақтары, тапсырмалар және қолдануға ұсынылатын әдебиеттер беріледі. Өзін-өзі тексеруге тест сұрақтары, өз бетімен білімді жетілдіруге және ғылыми шығармашылықты дамытуға бағытталған реферат тақырыптары мен шығармашылық тапсырмалар ұсынылады.
Оқу құралы жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттарға, сондай-ақ жалпы педагогика ғылымы саласының мамандарына арналған.
М.Қашқари педагогикасы
Оқу құралында М.Қашқаридің педагогикалық мұрасына қатысты материалдар бірнеше тақырыптарға бөлініп қарастырылады. Сонымен қатар әрбір тақырыптың соңында бақылау сұрақтары, тапсырмалар және қолдануға ұсынылатын әдебиеттер беріледі. Өзін-өзі тексеруге тест сұрақтары, өз бетімен білімді жетілдіруге және ғылыми шығармашылықты дамытуға бағытталған реферат тақырыптары мен шығармашылық тапсырмалар ұсынылады.
Оқу құралы жоғары оқу орнының студенттері мен магистранттарға, сондай-ақ жалпы педагогика ғылымы саласының мамандарына арналған.
Математические методы в педагогике
В учебном пособии описаны основные категории, используемые в математической обработке результатов педагогических исследований, показана взаимосвязь методологии, методов и методики, рассмотрены основные критерии, приведены технологии обработки результатов изысканий.
Пособие предназначено для магистрантов, аспирантов, докторантов и соискателей ученой степени, а также педагогов, занимающихся научно-исследовательской и научно-экспериментальной работой.
Жалпы педагогика
Оқулық жоғары оқу орындарының «Педагогика» пəні бойынша мемлекеттік оқу стандартына сай жазылып, «Педагогика жəне психология» мамандығын игеруші студенттерге арналады. Бұл еңбектің ерекшелігі – педагогика курсының мазмұны ықшамдалып, жалпыланған күйде ғылым əдіснамасы тұрғысынан берілді; аксеологиялық теория, инновациялық бағыт-бағдарлар мен оқу технологиялары жөніндегі білімдік мəліметтер алғаш енгізіліп отыр. Көп көңіл тұлғалық тəлім-тəрбие мəселелеріне бөлінді.
Педагогика
''Педагогика'' курсы педагогикалық оқу орындары студенттерiн мұғалiм мамандығына дайындау жүйесiнiң негiзгi бiр саласы. Оның мақсаты болашақ мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негiздерiмен қаруландырып, тəрбие мен оқыту процесiн нəтижелi ұйымдастыруға қажеттi педагогикалық бiлiм, бiлiк жəне дағды қалыптастыру.
Педагогика пəнi оқулығы негiзiнен 5 бөлiмнен құралған. өрбiр бөлiмде қарастырылған педагогикалық мəселелердiң негiзгi идеялары мен мазмұны тыңғылықты айқындалып, ғылыми дəрежесi көтерiлген, педагогикалық ойлауды дамытуға сай негiзгi ұғымдар жеке қарастырылған.
Сонымен бiрге əрбiр тақырып соңында студенттердiң ойлау белсендiлiгi мен өзiндiк жұмыстарын жақсартуға арналған бақылау сұрақтары берiлдi.
Методология педагогики
В пособии рассмотрены ориентиры для осмысления научной работы, относящиеся к логике исследования, в первую очередь диссертационного формулированию, основных его характеристик: темы, объекта и предмета, цели, задач, гипотезы и защищаемых положений и т. д.
Книгой можно пользоваться как самоучителем. Ее можно использовать в лекционной и семинарской работе, а также при подготовке студентами курсовых и дипломных работ. В основу пособия положен многолетний опыт работы, автора по повышению квалификации научных работников и преподавателей педагогических дисциплин, а также занятий с докторантами, магистрантами и студентами.
Предназначено для научных работников в области образования - преподавателей, докторантов, магистрантов и студентов педвузов и университетов, учителей, желающих повысить уровень методологической культуры и тем самым - эффективность педагогического процесса.
Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы
«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы» оқу-әдістемелік кешенінде бастауыш білім берудің педагогтарына есептерді шығаруға үйрету технологиясынан білім, білік, дағдыны қалыптастыруды көзделеді.
Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының тарихы
«Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын осы пәнді оқып-үйрену бағдарламасы, семинар сабақтарының жоспары мен әдістемілік нұсқаулар және СӨЖ ұйымдастыру түрлері құрайды. «Бастауыш мектепте математиканы оқыту технологиясының тарихы» пәні болашақ бастауыш білім берудің педагогтарына математиканы оқыту әдістемесінің тарихынан білім, білік, дағдыны қалыптастыруды көздейді.
Жазуға үйрету технологиясы
«Жазуға үйрету технологиясы» пәні болашақ бастауыш білім берудің педагогтарына жазуға үйрету технологиясынан білім, білік, дағдыны қалыптастыруды көздейді.
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
«Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру» оқу-әдістемелік кешеніпедагогтарға педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру бойынша білім, білік, дағдыны қалыптастыруды көздейді.
Как написать творческую работу по педагогике (эссе)
В учебно-методическом пособии обозначена роль эссе в профессиональном становлении будущего педагога. Определены этапы работы над эссе, приведена тематика эссе, даны критерии оценки эссе, даны образцы эссе.